Қазақстан көлік транзитінің әлеуетін арттыруды көздейді. Ол үшін жолдарды жаңғыртуға айтарлықтай көңіл бөлінеді. Бұл туралы Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық көлік форумында айтылды.
Сала вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстан өз аумағындағы халықаралық көлік-транзиттік дәліздерді жетілдіруге баса назар аударатынын атап өтті. Елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі бар, оның бесеуі темір жол, қалғаны автокөлік жолдары. Еуропадан Орталық Азия мен Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығатын ең қысқа жол біздің ел арқылы өтеді. Салаға инвесторлар тарту ісі де жолға қойылған.
Талғат Ластаев, ҚР Көлік министрінің орынбасары: «Ақтау, Құрық порттарына Абу-Даби пурс деген Араб әмірліктерінен келген компания инвестиция жасап жатыр.Өзге әуе тасымалы бойынша БАӘ- нің терминалс компаниясы келіп жатыр Астана әуежайына».