Яндекс Қазақстан: енді Карты қолданбасында сүйікті орындардың тізімдерін жасауға болады

37

 

Қазақстандағы Яндекс Карты пайдаланушылары енді өздерінің орындар тізімін жасап, олардың сілтемелерін бөлісе алады. Осының арқасында ұнайтын мекемелерді, көрікті жерлерді, дүкендерді, демалыс орындарын және тағы басқаларды достар мен таныстарға қолайлы форматта ұсынуға мүмкіндік туады.

Кез келген орынның, соның ішінде Карты қолданбасындағы ұйымдардың тізімін жасауға болады. Сондай-ақ тізімнің тақырыбы мен сипаттамасын ойлап тауып, орындарға пікір қосуға болады. Мысалы, қыста серуендеуге арналған орындар тізімін құрастырып, оған Медеу мұзайдынын, «Көк Төбе» саябағын, Алматыдағы Арбатты немесе Астанадағы Орталық елордалық саябақты қосуға болады. Сонымен қатар тізім үшін белгіше таңдай аласыз. Бұл белгіше картада іріктеп алынған орындарды ерекшелейді.

Әр пайдаланушы ондаған тізім жасап, оған мыңға дейін орын қоса алады. Тізім сілтемесін мессенджерде жіберіп қана қоймай, әлеуметтік желіде немесе сайтта жариялауға болады. Тізімді көре алатын барлық пайдаланушы оған жазыла алады. Осылайша олар ұнатқан орындарын жоғалтпайды және жаңалықтарды қарап отырады. Бұл жағдайда тізім Яндекс Карты профиліндегі «Бетбелгілер мен көлігім» бөлімінде шығып тұрады.

Егер басқа біреудің тізімінде бірдеңе ұнамаса, оған шағымдануға болады. Модераторлар бәрін тексереді. Олар бұзу әрекеттерін анықтаған жағдайда, ортақ пайдалану рұқсатын өшіріп, тізімді жояды.

Яндекс Карты қолданбасын Google Play Market немесе AppStore дүкендерінен жүктеп алуға болады.