1-ші қаңтардан бастап автогаз бағасын өсіру жоспарланып отыр

31
Автогаз көлік
фото Inform.kz

Энергетика министрлігі жанармай құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатудың шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі.ьБұйрық жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Құжат 2023 жылдың 19 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауда болады.

Құжатта көрсетілгендей, елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап автогаз бағасын өсіру жоспарланып отыр

Астанада – литрі 70 теңгеден 76 теңгеге дейін;

Алматыда – литрі 75 теңгеден 81 теңгеге дейін;

Шымкентте – литрі 60 теңгеден 64 теңгеге дейін;

Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарында – тиісінше 75 теңгеден (шалғай елді мекендерде – 80 теңге) 81 және 86 теңгеге дейін;

Ақмола облысында – 70 теңгеден (шалғай аудандарда – 75 теңге) 76 және 81 теңгеге дейін;

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 50 (55) теңгеден 54 (59) теңгеге дейін;

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 70 (75) теңгеден 76 (81) теңгеге дейін;

Жамбыл облысында – 65 (70) теңгеден 71 (76) теңгеге дейін;

БҚО, Қызылорда, Түркістан облыстарында – 60 (65) теңгеден 64 (69) теңгеге;

Павлодар облысында – 70 (75) теңгеден 74 (79) теңгеге дейін көтеру жоспарлануда.

Еске сала кетейік, автогаздың қазіргі шекті бағасы 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Осыған байланысты министрлік бұйрық жобасын «Ашық» НҚА порталында жариялау мерзімін 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.