Аязға байланысты 12 өңірдегі республикалық маңызы бар жолдар жабылды

52
боран Бәйдібек

12 желтоқсан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша еліміздің 12 облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді. Осындай хабарлама таратқан  «ҚазАвтожол», шектеулер ауа температурасының төмендеуіне, боранға, жолдың көрінбеуіне байланысты енгізілгенін атап өтуде.

«Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 451 техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды. 1108 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды.», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауды сұрады.
Күні кеше ауа райының нашарлауына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.