Алдағы аязға байланысты су желілерін суықтан қорғаңыз!

22
фото qaz365.kz

Алдағы уақытта аязды күндер күтілуде. Осыған байланысты су желілерін қысқы суыққа дайындаңыз. Жақын күндері Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аумағында қатты суық болады деген болжам хабарланды. Осыған байланысты, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і қала тұрғындарынан сумен қамту және кәріз желілерін тексеріп, суыққа дайындауды сұрайды.

Көп қабатты үйлердің тұрғындары, үй комитеттерінің төрағалары және мүлік иелері бірлестігінің басшылары, үйлеріңіздің кіреберісіндегі әйнектерді, кіреберіс есіктерін бүтіндеп, жертөлелердегі желілердің оқшауланғанын тексеріңіз! Кемшіліктер болса, шұғыл ретке келтіріңіздер!

Естеріңізге сала кетейік, көпқабатты тұрғын үйлердің қысқы маусымға тиісті деңгейде дайын болмауы салдарынан 2023 жылғы қаңтар айындағы суықта 252 үйдің су құбыры желілері қатып қалып, әбігерге түсті. Жеке сектор тұрғындары да су құбырларының аязға дайындығын бақылауы керек.

Сыртта және жылытылмайтын бөлмелерде жүргізілген құбырларды оқшаулап, ораған дұрыс. Суару жүйелерінен суды төгіп тастаңыз, оларды тазартып қойыңыз. Үй ішіндегі желілерді де оқшаулап, алдын-ала дайындыққа мән беріңіз!