-25°С-қа дейін аяз болады

54
фото qaz365.kz

«Қазгидромет» РМК ұсынылған болжамға сәйкес, желтоқсан айында ауа-райының жиі өзгеруі күтілуде. Қар жауады деп болжануда. Жекелеген аудандарда қатты қар, боран, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады, қарға ауысады, тұман, көктайғақ, екпінді жел 15-30 м/с дейін және одан да көп болады. Ауа-райының тұрақсыздығы аязды ауа-райына ауысып жауын-шашын тоқталады.

Желтоқсанның 7 мен 15 аралығында суық арктикалық ауа массаларының келуімен Түркістан облысында ауа температурасы түнде -25°С дейін, күндіз -17°С дейін, таулы аймақтарда түнде -30°С дейін, күндіз -15°С дейін күн суытуы мүмкін.
Екінші онкүндіктің соңында аяздың әлсіреуі күтіледі. Желтоқсанның үшінші онкүндігінде ауа температурасының ауытқуы күтілуде: түнде -15°С дейін, күндіз -8°С дейін.