Авторлық құқықты бұзып, тауар белгісін заңсыз пайдаланғандар 10 млн. теңге айыппұл төледі. Әділет министрлігі жыл басынан бері 161 тексеріс жүргізген. Оның 143-і заңсыздыққа барғаны анықталды. Олар танымал авторлық құқық брендтің атын пайдаланып қызмет көрсеткен.
17 іс қазір сот қарауында. Сондай-ақ, плагиатқа қатысты 7 іс қаралды. Заңсыздықтарға жол берілмейді дейді әділет министрлігіндегілер.
Рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандарға жауапкершілік күшейеді. Бүгінде тұрмыстық қалдық үйінділері шамадан тыс көбейген. Енді айыппұл мөлшері тұрғындар үшін 172 мың теңгеден 345 мың теңгеге өсті.