Ауди көлігі толығымен жанып кетті

62

Бүгін сағат 08:56-да Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында мемлекеттік нөмірі kz 235 АСЕ/17 «Audi A-6» жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті. Көлікке газ қондырғысы орнатылған. Өрт сағат 09:04-те оқшауланып, сағат 09:12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнына ТЖД-нен 15 қызметкер, 4 дана техника жұмылдырылды. Осы орайда ТЖД автокөлікте өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар деп ескертеді.  Өрттің алдын алу үшін уақтылы арнайы тексеруден өткізуді, электр сымдарының дұрыс жұмыс қалпын тексеруді ұмытпауды да қоса ескертті.