Биыл 1 миллионға жуық отандасымыз жұмыспен қамтылды

19
шұлық фабрикасында жұмыссыздар оқудан өтіп, жұмыс істеуде

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылды қорытындылап, негізгі көрсеткіштерін жариялады. Аймақтық еңбекпен қамту картасы аясында, жыл басынан бері 900 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылған. Әрі биыл әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға шағын кәсіп ашу үшін 1,4 млн. теңге грант берілген.

Сондай-ақ, жастарға да бизнес бастауға 5 мыңнан астам жеңілдетілген несие рәсімделді. Оның сомасы – 25 миллиард теңге. Бұдан бөлек, есепші, экономист, заңгер, жүргізуші, электрик, аула сыпырушы, күзетші секілді мамандардың жалақысы 20 пайызға артқан.