Бос жер телімдерін жедел әрі ашық түрде бөлу тапсырылды

22

Үкіметте премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына қатысты мәселелерді талқылады.

Ол бос жер телімдерін жедел әрі ашық түрде бөлуді, сондай-ақ республиканың жер қоры туралы ақпаратқа азаматтардың толық қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған.

Жаңа тәсілге сәйкес, таңдау, өтінім беру мен тіркеуден бастап жер телімдерін берудің бүкіл процесі электронды форматқа көшірілді. Барлық бизнес-процестер толығымен қайта қаралды. Қажетті қадамдар саны бірнеше есеге азайтылды, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шамамен 1 жылдан 30 күнге дейін қысқарды.