Төлебиде тауға демалуға барған ер адамның кенеттен жүрегі тоқтап қалды

8

(Фото: newsmir.info)

Төлеби ауданында тауға демалуға барған ер адамның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Оқиға Қасқасу ауылдық округіндегі тау бөктерінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, демалуға барған бір топ азаматтың бірі, 1973 жылғы ер адам кенет өзін нашар сезіне бастаған.

Жүрек тұсының қатты ауырып тұрғанын айтқан оған дереу жедел жәрдем шақырылған. Алайда ол медициналық көмек жеткенше жан тапсырған. Тиісті тексерулер жүріп жатыр.

Кейбір мәліметке сүйенсек, қайтыс болған азамат Шымкент қаласының тұрғыны.