ІІМ қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу фактілері туралы хабарлауды сұрайды

40
фото sputnik.kz

ІІМ қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу фактілері туралы хабарлауды сұрайды. Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу – полицияның жаңа жыл қарсаңындағы міндеттерінің бірі. Мәселен, 15 желтоқсаннан бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Шырша” акциясын бастады.

Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді. Оларға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері де қатысады. Полицейлер ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.