«Көрме» орталығының ашылғанына 10 жыл толды

35

Биыл Көрме орталығының ашылғанына – 10 жыл. Осыған орай мәдениет ошағында «Көрме – Шымқала өркениеті» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Мұнда сала мамандарының еңбегі еленіп, мерекелік кеш өтті.

«Көрме» орталығы ашылғалы 400-ден астам түрлі жәрмеңке мен іс-шара өтті. Соның бірі даталы күнге орай ұйымдастырылған жергілікті өнімдер көрмесі. Мұнда Шымкентте дизайнер өзінің авторлық ұлттық накыштағы киімдерін алып келіпті. Ол қазір этно стильдегі киімдер сұранысқа ие дейді.

«Көрме» орталығының 10 жылдығына өзіміздің қолымыздан тігілген қазақы нақыштағы киімдерімізді алып келдік. Қазақы шапандар, қазақы сөмкелер, көйлектеріміз бар. Басында бұл істі өзім тігін мәшинесімен бастағанмын. Кейін жәймендеп цехқа айналды» – дейді «Керім-Кербез» брендінің негізін қалаушы Әлия Керімбекова.

Орталық 2013 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілген. Содан бері мекеме қабырғасында халықаралық, республикалық көрмелер мен жиындар өтті. Ал 2022 жылы жаңа ғимарат салынып, жұмысы қайта жанданды.

 «Бұл орталық талай көрменің куәсіне айналды. Біраз шетел, көршілес қалалармен бірлесе жұмыс жасалды. Кәсіпкерлеріміз өз тауарларын осында көрсетуге мүмкіндік алды. Ұжым қызметкерлеріне денсаулық, ісіне табыс тілеймін. Осындай көрмелер өткізе беруіне тілектестік білдіреміз» – дейді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының м.а. Бауыржан Орынтаев.

«Көрме – Шымқала өркениеті» атты салтанатты іс-шарасында салаға еңбегі сіңген мамандар алғыс хатпен марапатталды. Ал мерекелік жиын соңы өнерпаздардың концертіне ұласты.