Ордабасы ауданында қыста да құлпынай өсіріліп жатыр

20

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекені “Нұр Айша” шаруа қожалығы 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Шаруа қожалығының төрағасы – Әлеуханов Мұхтар.

«Шаруа қожалығында құлпынай өсіріледі. Бұл өнімге тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. Әсіресе мереке қарсаңында кондитер өнімін өндіретіндер тарапынан тапсырыс көп. Осыдан 10-15 жыл бұрын қыс мезгілінде піскен қызанақ пен қиярдың бағасы қымбат болатын. Әрі оларды көп еге алмаушы еді. Өйткені, тұтынушылар «тек дәрімен піскен» деп сатып ала бермейтін. Қазір кез келген көкөністі дәрісіз-ақ өсіруге болатынын білеміз. Сондықтан сақылдаған сары аязда да көкөніс жеп отыратындар бар», дейді ол.

«Нұр Айша» шаруа қожалығы осы жылы құлпынай егуді бастаған. Бастапқыда қызанақ, қияр егуден бастаған шаруа қожалық қазіргі уақытта аз көлемде ексе де, істің қыр-сырын терең меңгеріп алған соң, құлпынайды жылыжайда егуді қолға алыпты.

Қазір жылыжайда 20 адамды жұмыспен қамтуда. 1,5 гектар жерден 50-60 тонна құлпынай өнімін алу жоспарда екен. Өнімді қыс айларында жинау жоспарланған. Егілген «Alba» сорты суыққа төзімді.