Ордабасылық кәсіпкер қырғауылды қолда өсіріп, пайда тауып отыр

46

Ордабасылық Гүлдана Жарылқадиева құстың ерекше түрі қырғауылды қолда өсіреді. Оның құстарға деген бала күнгі қызығушылығы кәсіп ашуына себепші болған. Биыл жыл басында өз жобасын қорғап, мемлекеттен қайтарымсыз несие алған кәсіпкер “Бастау бизнес” бағдарламасымен білім алған.

Гүлдана кәсіп бастамас бұрын аталған құс жайлы көптеген деректер жинап, жан-жақты ізденген. Алғашқыда 30 шақты қырғауыл сатып алып бастаған ол бүгінгі таңда санын 300-ге жеткізген.
-Қырғауылдарға қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттен алған қаржыға әуелі инкубатор мен 3 брудер, екі аккумулятор және бір генератор құрылғыларын сатып алдым. Себебі, жарық сөніп қалса генератор көмегімен тоқ беремін. Құстар өте нәзік келеді. Сондықтан да инкубаторға жұмыртқа салған соң белгілі бір температурада үздіксіз жұмыс істеуі керек, — дейді кәсіпкер келіншек.