Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетін болды

72

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетін болды. Бұған дейін ғалымдар мен сарапшылардың қызу талқысында болған мәселеге Сауда және интеграция министрлігі нүкте қойды.

Қазір тиісті түзетулер жобасы дайындалды. Енді 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Мысалы, Қостанайда жазда 11-ге дейін күн батпайды. 11-ден кейін ғана 12-ге жақын күн бата бастайды. Бірыңғай белдеу болғасын басқару және экономикалық жақтан оң әсер етеді. Екінші жақтан денсаулыққа оң әсер етеді».