Сарыағаштық бағбандар лимон жинауда

44

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының шаруалары үй маңындағы жерлерін тиімді пайдалануда. Бірі – ауласына көкөніс дақылдарын ексе, енді бірі тропикалық жеміс – лимон өсіруге болатынын дәлелдеуде. Осы орайда, Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді мекеніндегі «ДАЯН» шаруа қожалығының иесі Оспанәлі Таңсықбаев жылыжайында лимон өсіруде.

Кәсіпкер 640 түп лимон егіп, жылына 90 тонна өнім алуда. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жиналған лимон өнімін еліміздің түкпір-түкпіріне саудалап жатыр.