«Жеңіл жүрісті қыздар» өз қызметін ұсынған интернет-сайттарды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері «STOP трафик» профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады. Олар “Кибернадзор” бағдарламасының көмегімен бұғатталды.
Үш күннің қорытындысы бойынша полицейлер жезөкшелікпен айналысқан 52 азамат пен 2 жеңгетайды полиция басқармасына жеткізді.
Сонымен қатар, шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін 22 адам жауапқа тартылды. Осы Кодекстің 450-бабы бойынша жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін жалға үй-жай берген 9 адамға айыппұл салынды.