Шымкент жыл соңына қарай жаңа гүлзармен толықты

20

Шымкент жыл соңына қарай жаңа гүлзармен толықты. Яғни қала орталығында – А.Байтұрсынов пен Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан «Спутник» гүлзары қайта ашылды. Бүгінде ауқымы 50 соттық метрді құрайтын демалыс аймағы халық иігілігіне пайдалануға берілді.

Шымкент тағы бір гүлзармен толықтырылды. Аталған орын бірнеше жыл бұрын мегаполис тұрғындарының сүйікті демалыс орны болатын. Жеке кәсіпкердің иелігіне өткен жер бүгінде қайта қалпына келтіріп, халыққа пайдалануға берілуде. Аталған мәселе Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есеп беруде көтеріліп, нәтижесінде демеушілер есебінен абаттандырылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі арнайы келіп, халықтың қуанышына ортақтасты.

Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі: «Біз әр ауданда ыңғайлы жерде қарап отырамыз гүлзар істеп береміз. Халық қатысатын бюждет деген бар. Әр ауданның әкімдерінде халықтың көтерген жерін зерделеп, егер ыңғайы келсе, сквер істеп береді. Сонымен көгалдандырып шығамыз қаламызды».

Бүгінде демеушілер есебінен қайта ашылған гүлзарда 100-ге жуық тал көшеттері, оның ішінде қайың ағашы – 20 дана, акация – 18 дана, шынар – 8 дана, емен – 20 дана, қарағай – 8 дана, каштан ағашының – 18 данасы егілді. Сондай-ақ, тұрғындардың жайлылығы үшін ерекше дизайнда жасалған әткеншектер, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды.

Рәзия Құлымбетова, қала тұрғыны:  «Қала әкімі келіп, халықтың пайдасына беріп, гүлзар қылып демалыс орны қылып, жасап беріп жтақанына қуаныштымын».

Сонымен қатар 2000 шаршы метр аумағына мәрмәрдан жасалған аяқжол салынып, 2200 шаршы метр аумаққа газон төселді. Гүлзарға жақын орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің аркасына ерекше стильдегі таңбалы тастағы бейнелер салынған.