Шымкентте халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай мерекелік жиын өтті. Шара барысында жергілікті антикорлықтар жыл бойы атқарған жұмысын қорытты. Мерекелік жиында сонымен қатар ерікті жастар марапатталды.
Биыл Шымкентте Антикордың ықпалымен мемлекеттік сатып алу жүйесінде 1,8 млрд теңге үнемделді. Сонымен қатар әлеуметтік тұрғын үйге жататын 320 пәтер бағасын 119 млн теңге артық бағалағаны анықталып, қазір шығын өтеліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы жемқорлық фактілерін анықтаудан бөлек оның алдын алу шараларына да күш салынғанын айтады.
«Біздің агенттік 2 бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның бірі примитивті бағыт, екіншісі қылмыстық қудалау. Қазір сол примитивті бағыт бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Бұған дейін біздің жұмысымыз жемқорлық фактілерін көп анықтаумен бағаланса, енді басқаша болмақ. Осыған сай біздің қазіргі бағытымыз сыбайлас жемқорлықпен күресуге көшті» — дейді Дәурен Ерғарин ҚР СЖҚІҚА Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы.
Жыл қорытындысын жасаған антикорлықтар Сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай арнайы байқау ұйымдастырды. Шараға мақала жазу бөлімі бойынша қатысқан Әзімхан Үсенұлы жүзден жүйрік шықты.
«Антикордың атасы Абай атамыздың шығармашылығы десем артық айтпаған болар едім. Менің осы бағыттағы мақалам топ жарған екен. Өте қуаныштымын. Алдағы уақытта дәл осындай байқаулар өткізіліп тұрса екен» — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әзімхан Үсенұлы.
Сонымен қатар жемқорлықпен күрес агенттігі жыл бойына белсенділік танытқан ерікті азаматтар мен журналистерді алғыс хатпен марапаттады.