Шымкенттік ханымның көлігінен көйлек, аяқ киім және косметика ұрлаған ер адам сотталды

22
фото baribar.kz

    Аталған заттардан бөлек, көліктің ішінен смартфон, сақина, шаш күтіміне арналған жиынтық және 40 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша ұрланған. Жәбірленушінің айтуынша, ол көлікті үйдің ауласындағы айыптұраққа қойып, біраз уақыттан кейін қайтып келгенде ұрлық болғанын білген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 400 мың теңгені құрады.

    Тәртіп сақшылары күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы қолға түсірді. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
    Полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы «ұрлық» бойынша тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді.
    Ер адам кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
    Полиция қызметкерлері көліктегі ұрлықтың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтауды ұсынады: ешқашан көліктің есігін ашық қалдырмаңыз; қуыс әрі қараңғы жерлерде ұзақ уақыт тұрақтамаңыз; көлігіңізді күзет дабылымен жабдықтаңыз; салонда бағалы заттарды,ақшаны және көлік кілтін қалдырмаңыз.