Тұмауды емдеуге қанша қаржы керек?

67

Қазір Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қаламызда жоспарлы егу шарасы әлі жалғасып жатыр. Тұмаудың белең алуына байланысты дәрігерлер бірқатар талапты сақтауға шақырады.

Ауа-райы суытқалы қызылша мен тұмаумен ауру жағдайлары белең алып жатыр. Ауруға ем іздегендер бірі дәрігердің кеңесіне жүгінсе, енді бірі халық еміне жүгінуде.

Дәріханаға тұмауға қарсы дәрі-дәрмек алуға кемінде күніне 20 адам келеді. Аурудың асқынуына жол бермес үшін оны ертерек алдын алу қажет дейді мамандар. Олар денсаулықты қалыпқа тез келтіру үшін дер кезінде шара қолдану қажет дейді.

Ахида Исахова, провизор: «Бізде препараттардың бағасының көтерілуімен мүмкін орта есеппен 10-20 мың теңге кетіп қалады. Өйткені көптеген  препараттар қымбаттап кеткен, қазіргі қыс мезгіліне байланысты. Маусым келгенде олар кішкене мөлшерде, әсерлі препараттар қымбаттайды. Кіп- кішкентай балаларда өкпеде жөтел басталса, 2 күнде өкпесіне өтуі мүмкін. Үлкендерде 2-3 күнде емделе бастау керек».

Биыл 99 008 жағдай жедел респираторлы вирусты инфекциясы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,85 есеге өсті. Ауырғандардың басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар.

Алдарқұл Ахметов, Шымкент қаласы СЭБД басшысының орынбасары: «Бала бақшаларда немесе мектептерде ауру анықталған жағдайда оқшаулап емдеу жүргізіледі. Ал қатынастар болғандарды зерделейді.  Егер ол егу алған болса, ары қарай сабағына бара береді. Егу алмаған болса, 72 сағат ішінде қатынаста болғандарды оларды егу жұмыстары жүргізіледі. Осының арқасында қазір ахуал тұрақты деп айтуымызға болады. Жаңа жылға дейін егуге жоспарланған балаларды 90 пайызын егуді жоспарлап отырмыз».

Айта кетейік, жыл басынан бері – 3234 қызылша диагнозы расталған. Оның ішінде 2762-сі 14 жасқа дейінгі бала. Ал екпе алмағандар саны — 288.