Түркістанда 75 жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді

36

Түркістанда жедел жәрдем қызметіне 75 жеңіл автокөлік пайдалануға берілді. Көліктер толық заманауи құрылғымен қамтылған. Мамандардың сөзінше биыл медициналық көмекке жүгінушілер саны 5 пайызға артқан. Сондықтан мұндай шараның маңызы зор.

Түркістанда жедел жәрдем қызметіне 75 жеңіл автокөлік табысталды. Ел иігілігіне берілген көліктің іші заманауи құрылғымен толық қамтылған. Бар ғұмырын медицина саласына арнаған ардагер дәрігер жасалған мүмкіндіктерге дән риза болып, әріптестеріне ақ батасын берді.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жаңа көлік беріліп жатыр. Жорытқанда жолдарың болсын. Елімізге адал еңбек етіңдер» – дейді медицина ардагері.

Былтыр облыста 645 мыңнан аса адам жедел жәрдем қызметіне жүгінсе, биыл 685 мың тұрғын медициналық көмек шақырған. Көрсеткіш 5 пайызға артық. Сондықтан өңір мамандары қосымша техника сатып алуды жөн санапты. Жаңа техниканы тапсыру салтанатына арнайы келген өңір басшысы ақ қалатты абзал жандарды мерекесімен құттықтады.

«Алдымен баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Бүгін қасиетті Түркістан төрінде қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Еліміздің басты байлығы – адам және оның денсаулығы. Халық денсаулығы үшін, оның ішінде бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау қызметтерін күшейту мақсатында облысымыздағы медициналық  ұйымдардың материалдық-техникалық базасы соңғы заманауи медициналық техникалармен жабдықталуда. Бүгін облыс аумағын толық жедел жәрдем қызметімен қамтамасыз ету мақсатында тағы 75 көлікті сіздерге табыстағалы тұрмыз. Пайдалануға беріліп отырған санитарлық автокөліктер ел игілігіне қызмет етіп, аудан-қала тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсете берсін», – дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

 

Айта кетейік, осы жылы денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында 24 нысанның құрылысы басталды. Оның ішінде 18-і ел игілігіне берілді. Ал келер жылы 49 мекеме бой көтереді жеп жоспарланған.