Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Департаментімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруі негізінде Маңғыстау облысы полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған.
Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды.
Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.