Қазір елімізде 6 миллион тоннадан астам сүт сауылса, оның 2 миллион тоннаға жуығы ғана өңделеді. Бұл 30 пайызға да жетпейді. Сондықтан Президент билығы жолдауда өңдеуді 70 пайызға жеткізуді тапсырған болатын.
Парламент мәжілісінің депуттатары Шығыс Қазақстан облысында көшпелі кеңес өткізіп, өңірдегі осы саланың еңбеккерлерімен кездесті. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазір арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр. Соның аясында жыл сайын бұл салаға 100 миллиард теңге бөлініп, 65 сүт өндіру кешенін салу жоспарланған.
Ал биылдан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкерлерге берілетін жеңілдетілген несие сомасы да көбейді.