Жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде көлік басқарған

25

Түлкібастық жергілікті тұрғын жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған. Рейдтік жұмыстар барысында тәртіп сақшылары Рысқұлов ауылы, Қонаев орталық көшесінде жарықшамын жақпай келе жатқан «ВАЗ 21063» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Яғни 2020 жылдың қараша айында ішімдік ішіп, заң бұзған жүргізушіні сот 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырған. Алайда 56 жастағы жүргізушіге қорытынды шығармай, мас халде қайта көлікті тізгіндеген.
ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруына жол бермеу» бойынша іс қозғалып, автокөлік айыптұраққа қойды.
Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.