Зиянды еңбек жағдайларындағы  жұмыскерлерді   алдын-ала және мерзімдік  медициналық  қарап тексерулерден өту талаптары

36
фото nervovnet.com

 

 Медициналық қарап-тексеру ауруларды, оның ішінде кәсіптік ауруларды, улануларды, жазатайым оқиғаларды анықтауға және олардың таралуының алдын алуға, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.

Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлармен (кәсіптер мен жұмыстардың тізбесі)    жұмыс  істейтін жұмысшылардың міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулерден өтуі  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істейтіндерге мерзімдік қарап-тексеру жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелері:

-медициналық қарап-тексерудің толық қамтылуын, сапасын және уақтылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;

– жұмыскерлерді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытуға қатысады;

– мыналардың:

  • жұмыскер жұмыс істейтін ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйымның;
  • жұмыскердің тіркелген орны бойынша медициналық ұйымның;

Кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымның;

жұмыскерге жұмыс берген жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады.

Медициналық ұйым медициналық қарап – тексеруді жүргізу үшін дәрігерлік комиссияның құрамын құрады және бекітеді және зиянды өндірістік факторлардың ерекшелігін ескере отырып, зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісілген медициналық қарап-тексеруге жататын контингенттің тізімдерін алғаннан кейін дәрігерлік комиссияның жұмыс уақыты мен мерзімдерін айқындайтын күнтізбелік жоспар (бұдан әрі – жоспар) жасайды. Жоспар ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі.

Дәрігерлік комиссияның құрамына мынадай медицина қызметкерлері кіреді: кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен терапевт, хирург, невропатолог, оториноларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика жөніндегі дәрігер, дәрігер-зертханашы.

Дәрігерлік комиссияның төрағасы кәсіптік патология бойынша кәсіптік қайта даярлаудан өткен және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады.

Дәрігерлік комиссияның жұмысына кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен басқа да мамандар (стоматолог, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) тартылады. Медициналық қарап-тексерулерге қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған өндірістік факторлар сипаттамасымен және жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысады.

Медициналық қарап-тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде дәрігерлік комиссияның төрағасы нәтижелерді қорытындылайды, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 данада қорытынды акті жасайды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне ұсынады.

Қорытынды актіге басқа жұмысқа ауыстыру ұсынылған, стационарлық және санаторийлік-курорттық емдеу, емдеу-профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың атаулы тізімі қоса беріледі.

Қорытынды акті медициналық ұйымның басшысы қол қойғаннан кейін орындау үшін ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігіне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне жіберіледі, бір данасы медициналық қарап-тексеру жүргізген медициналық ұйымда қалады.

 

Т.К.Ахатаева, Тұран ауданының СЭББ

  бас маманы