10 айлық нәресте жаңғаққа тұншығып қалды

49
фото Шымкент ДСБ

2024 жылдың 26 қаңтарында №3 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда 10 айлық нәресте жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Анасының айтуынша, грек жаңғағын жеу барысында бала кенеттен тұншығып, дем алысы нашарлап, беті көгеріп, мазасызданған.

Нәресте тікелей жан сақтау бөлімшесіне жатқызылды. Аурухананың жан сақтау бөлімшесінің реаниматолог дәрігерлері жоғары білікті реанимациялық көмек көрсетті.
Шұғыл түрде Шымкент қаласының балалар клиникалық ауруханасының фибробронхоскопист Түлкібаев А.Б. дәрігерімен бірге тыныс алу жолдарынан бөгде затты алып тастау арқылы санациалық фибробронхоскопия жасалды. Қарқынды терапия мен сәтті реанимациядан кейін бүгінгі күні баланың жағдайы тұрақталып анасының жанында емін жалғастыруда.