1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері өсті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша ең төменгі жалақы 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өсті. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан төмен болмайтын деңгейде төлеуге міндетті, дейді ведомство.
«Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі. Бірінші кезекте ең төменгі жалақыны арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады», — дейді министрлік.