Мегаполис жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау және оның алдын-алу, жаяу жүргіншілердің жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15-17 қаңтар аралығында «Жаяу жүргінші жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Шараның алғашқы тәулігінде тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тарапынан орын алған 1320 құқық бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде, рульде ұялы телефон пайдаланған 90 тұлға, қауіпсіздік белдігін тақпаған 115 адам, маневр жасау қағидасын бұзған 45 азамат пен жол жүру қағидаларын бұзған 115 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, 31 автокөлік айыптұраққа қамалды.