Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшкен

0

Бір батырманы бассаңыз, ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Әлеуметтік желілерде жаппай жалған хабар таратылып жатыр. Адамдар Kaspi қосымшасы арқылы алаяқтар сізді алдайды деп сендіріп, нәтижесінде өздері құрыққа түсіреді. Банктің баспасөз қызметі таратылып жатқан хабардың жалған екенін және оған сенудің қажеті жоқ екендігін айтады.

Мессенджерлерде алдаудың жаңа тәсілі туралы хабарлама тарап жатыр. Мысалы, Kaspi қосымшасы арқылы адамдарға шотты шектеу туралы хабарлама келеді және «шектеу туралы толығырақ» батырмасын басқан кезде сіздің шотыңыздан ақша автоматты түрде алынады.

Kaspi банктің баспасөз қызметі қазақстандықтарды алаңдатқан хабарлама туралы пікір білдірді.

«Бұл жалған, шындыққа жанаспайтын ақпарат. «Шектеу туралы толығырақ» батырмасын басқаннан кейін ешқандай ақша есептен шығарылмайды. Тек шот-фактураға қойылған шектеулер туралы толық ақпарат көрсетіледі», – делінген Kaspi баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде тағы бір жалған ақпарат пайда болды, ол – 100 мың теңге көлеміндегі өтемақы туралы. Ақшаны алу үшін қазақстандықтарға «Төленбеген ақшалай қаражатты қайтарудың ресми өтемақы орталығы» атты сайтта ЖСН енгізу ұсынылады. Бұл ретте адамдардан жеке және банктік деректер де сұралады. Қаржы министрлігі бұл алаяқтардың айла – амалы екенін мәлімдеді. Деректерді енгізу арқылы сіз шотыңыздаға ақшадан айырылуыңыз мүмкін.

Евгений Питолин, киберқауіпсіздік бойынша сарапшы: «Мекен-жайларға өте мұқият қарау керек. Олар джимейлмен емес, мемлекеттік домендерден заңды хабарламамен келеді. Көптеген адамдар ЭЦҚ-ны пайдаланады, егер мұндай қолтаңба болмаса, күмәндануға болады. Сондай-ақ, алаяқтар грамматикалық қателер жібереді, олар мұны кездейсоқ емес, СПАМ сүзгісін болдырмау үшін жасайды. Егер сіз көптеген қателіктері бар хатты байқасаңыз, онда бұл алаяқтар болуы әбден мүмкін».

Мұндай ақпараттық таралымдар бизнестің, танымал адамдардың немесе мемлекеттің беделін түсіру үшін, сондай-ақ адамдардан ақша алу мақсатында жасалады. Сарапшылар күмәнді сілтемелерге бармауға және ешқандай жағдайда жеке әрі банк деректерді енгізбеуге кеңес береді.