Балалар теміржолының жәйі талқыланды

42

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында күн тәртібіне енгізілген үш мәселенің бірі Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспары болды. Кеңес мүшелерінің пікірінше, бас құжат қаланың қай бағытта дамитынын айқындайды. Сондықтан өндіріс, демалыс аймақтардың, инженерлік инфрақұрылымдардың ретімен әрі сапалы орналасуы өте маңызды.

Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспары өткен жылы 17 қазанда Үкіметте бекітілді. Үшінші мегаполистің дамуы осы басты құжатқа байланысты болғандықтан қоғамдық кеңес ағымдағы жылдың алғашқы отырысын осы тақырыпқа арнады. Себебі, алдағы 10 жылда атқарылатын жұмыстар, қаланың қай бағытта дамитыны өзекті дейді кеңес мүшелері.

Исмаилбек Шалабаев, Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі: «Роза ветров» деген болады. Қала қай бағытқа қарай өседі солтүстікке ме, шығысқа ма, батысқа ма? 2 мың га. өседі депсіңдер, өндіріс орындары қай жерде орналасады. Әйтпесе, цемзауыт сияқты қаланың дәл ортасында салынған».

Жауаптылар басты құжатта барлығы ескерілгенін, өндіріс аймағы солтүстік батыс бағытында орналасатынын айтты.

Арман Әбдешов, Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары: «Роза ветров» бойынша даму батысқа қарай 2 мың 200 гектарда …Ана «очистные сооружения» жақтағы солтүстік батыста орналасады».

Шаһардағы демалыс аймақтарының бірі балалар теміржолының тағдыры да жиында әңгіме болды.

Абдулла Ахметов, Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің  мүшесі: «2027 жылға дейін бір нәрсе қалмайды ол аралықта. Балалар теміржолы бойындағы жол аралығында  70 пайызы салынып кеткен, сарайы бар ма, шошқа қорасы бар ма. Не істейін деп жатырсыңдар? Дендросаябақ пен Орталық стадион аралығындағы балалар теміржолында?»

Арман Әбдешов, Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары: «Екі саябақтың аралығында жасыл желек, веложол мен жаяу жүргіншілерге арналған жол болады. 2027 жылға дейін ЖСҚ әзірлеп дайындаймыз».

Қаладағы тозығы жеткен кәріз жүйесін жаңалау-кезек күттіртпейтін мәселе дейді белсенділер. «Өткен аптада канализация трубалары жарылып, шайынды сулар елдімекендерді басып кетті»

Өңірді дамыту, қордаланған мәселелерді талқылау мақсатындағы жиында өзекті деген тағы да бірнеше проблемалар талқыға түсті. Атап айтқанда,  елдімекендердегі инфрақұрылым, стратегиялық маңызды нысан жәйі.  Жиын соңында қос тарап, қаладағы күрделі деген мәселелер бойынша тәуелсіз сараптама жүргізіліп, оның нәтижесі кеңес отырысында қайта қарауға келісті.