Билбордтардың орнын LED-экран басады

36

Үшінші мегаполистегі сыртқы жарнамалар стандартқа сай емес. Енді бұрынғы жарнамалық құрылым жаңарып, қаладағы LED экран саны көбейеді.

Нұрбол Жүнісбеков, Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы: «Өздеріңізге белгілі, біздің сыртқы жарнама көп жағдайда талапқа сәйкес емес. Ол бойынша да тиісті компаниялармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өйткені қала дамып, барлығы цифрлық ақпаратқа өтіп жатыр. Сондықтан билбордтардың орнына лэд экрандарды қоюды ұсынамыз. Ғимараттардың сыртына да Лэд экрандар қоюды ұсынып, осыны жүзеге асыратын боламыз»

Қазіргі таңда қала аумағында жалпы саны 613 жарнама құрылғысы орналасқан. Жаңа өзгеріске сай қаланың дизайын коды алмасады.

Нұрбол Жүнісбеков, Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы: «Басқармамен келісіп, қаламыздың дизайн кодын жасақтап қойдық. Енді мәслихат шешімімен оны бекітеміз. Ол нормативтік құқық болып бекітілгеннен кейін, біз барлық қала кәсіпкерлеріне осы дизайн кодқа сәйкестендіру бойынша ұсыныстар бере отырып, кезең кезеңімен іске асырамыз»