Еріктіліктің маңызды бағыттары қандай?

фото zakon.kz

Еріктілер сөзі тек жылу жинап, азық-түлік тарату ұғымын білдірмейді. Бұл күрделі әрі ақысыз жұмыстың басқа да бағыттары бар. Мәселен, Ү-PEER KAZAKHSTAN еріктілер қозғалысы жеткіншектер мен жастарға салауатты өмір салтын ұстану, репродуктивті денсаулық, жеке шекара мен адам құқықығы жөнінде тегін семинар жүргізіп келеді.

19 жастағы Екатерина Ушакова 6 жылдан бері ерікті болып келеді. Ол тек елімізде ғана емес бірнеше елдің жеткіншектері мен жастарына салауатты өмір салтын ұстану мен адам құқығы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізіп, тегін семинарлар өткізіп келеді. Ол қазіргі жастардың әлеуметтік маңызды тақырыптарға қызығушылығы басым екенін айтады.

Екатерина Ушакова, Ү-PEER KAZAKHSTAN еріктілер қозғалысының ел бойынша үйлестірушісі: «Біздің мақсатымыз – жастарға олардың денсаулығы, салауатты өмір салтын ұстануды маңызы туралы сенімді ақпарат беру. Жалпы, біз кешенді жыныстық тәрбиемен айналысамыз, яғни адам денсаулығында, ағзасындағы орын алатын өзгерістерге байланысты барлық тақырыпты қамтимыз. Біз жеке шекара, қарым-қатынас, келісім, таңдау, денсаулық және оны қазіргі уақытта қалай сақтау керектігі туралы түсіндірме жұмысын жүргіземіз. Жастарға біздің тренингтер ұнайды, өйткені тренингтерді өздері сияқты жастар өткізеді».

Екатерина репродуктивті денсаулық, жеке шекара, қарым-қатынас тақырыбы жастар арасында өзекті екенін жеткізді.

«Бізді тренингтер интерактивті форматта өтеді. Алғашында балалар қатысуға қатты қызықпаса да, біз көтеретін тақырыптарды білгеннен кейін, мақсатымызды түсінген соң және ең бастысыц бұл мәселелердің маңызды екенін түсінгеннен кейін қатарымызға қосылып жатады. Жалпы мақсатымыздың бірі- жас жеткіншектерге өз құқығын қорғай білуді үйрету»,- Ү-PEER KAZAKHSTAN ерктілер қозғалысының елдегі үйлестірушісі Екатерина Ушакова.

Ал 16 жастағы София еріктілер қозалысының қатарына жастар арасында өзекті буллинг тақырыбындағы семинардан кейін қосылыпты. Ол жеткіншектер арасындағы маңызды мәселелердің ашық айтылғанына қуанады екен.

«Мен үш жыл бұрын құрбымның шақыртуымен алғашқы семинарға келген едім. Ол 2021 жылдың сәуір айы, ол күнді ешқашан ұмытпаймын. Семинардан кейін бірден ұйымға қосыла қойған жоқпын, тек 2 айдан кейін буллинг пен зорлық—зомбылықтың алдын алу тақырыбындағы тренингке қатыстым. Бұл тақырып сол уақытта да, қазір де мен үшін өте өзекті. Маған қатты ұнады. Мұнда біз маңызды тақырыптарды көтеріп, талқылап, қозғап қана қоймай, өзімізбен пікірлес достар тауып, көшбасшылық қасиетімізді дамыта аламыз», –  Ү-PEER KAZAKHSTAN еріктілер қозғалысының Шымкент қаласы бойынша үйлестірушісі София Конищева.

Айта кетейік, Екатерина Ушакова 2021 жылы «Жыл волонтері» атанған. Ү-PEER KAZAKHSTAN еріктілер қозғалысы Қазақстанның 14 өңірінде, ал әлемнің 50-ге жуық елінде жұмыс істейді. Бүгінге дейін сауатты үйлестірушілер 300 мыңға жуық адамды оқытып шыққан.