Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын малшыға ірі қара малын сеніп тапсырған. Алайда сеніп тапсырған үш бас жылқысын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге 2 миллион теңге шығын келтірген.
Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамды жеткізіп, одан жауап алды.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам жылқыларды 2 миллион теңгеге сатып, ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілу үстінде.