Кортеж көліктерінің бірінің жүргізушісі «дрифт» жасаймын деп жол ережесін өрескел бұзған

25

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, жол ережесін сақтамай, көше бойынша өзге көліктерге кедергі келтіріп, авариялық жағдай туғызып, трассада емін-еркін жүрген көліктің бейнежазбасы анықталды.

Тексеру барысында құқық бұзушылық Ордабасы ауданында болғаны анықталды. Lada-21705 көлігінің жүргізушісі Арыс ауданының тұрғыны, жас жігіт болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.