Мобильді аударым саны 100-ден асып кетсе не болады?

28

3 ай қатарынан мобильді аударым саны 100-ден асқан кезде ғана бизнес иесінің шоты бақылауға алынады.

Сол кезде азамат шотына түскен қаржының қайдан келгенін дәлелдеу керек болады. Салықтық есепте кіріс көлемі көрсетілсе, ешқандай қауіп жоқ дейді мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары. Ал көрсетілмесе, алдымен ескерту хабарлама жолдайды.

«Мәлімет келіп түскенде хабарлама жолдаймыз. Сізге осылай 3 ай тоқтамай 100 түрлі адам ақша аударыпты деп хабарлама жібереміз. Тек хабарлама. Ешқандай санкциясыз, ешқандай айыппұлсыз. Азаматқа 30 күн уақыт беріледі. Сол аралықта бұл ақшалар өз туысыңыздан түскенін растасаңыз, растайсыз. Нақтыланбаса егер жеке кәсіпкерлік ашып, айналым ақшасын енгізіп, салық төлейді. Болды» – дейді Шымкент қаласы МКД басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов.

Шымкентте мобильді аударым қабылдаудан бас тарту жағдайына қатысты 2 шағым түскен. Сол себепті кәсіпкерлердің мобильді аударымдарын тексеру жұмысы басталады. Сала жауаптылары бұл көлеңкелі бизнестің алдын алуға көмектеседі дейді. Айта кетейік, тұрғындар бұл мәселеге қатысты арыз-шағымын телеграм каналындағы чат-ботқа жолдаса болады.