Бүгінгі таңда еліміздегі азаматтар Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарды көбіне қағаз күйінде тапсырып келді. Бұдан бұлай отбасы деректері цифрландырылады. Қолданыстағы қағаз құжаттар біртіндеп жүйеден алынып тасталады. Бұл туралы Келес аудандық Мансап орталығының директоры Нурипа Темірбаева атап өтті.
— Елімізде алғаш рет Әлеуметтік кодекс қабылданған болатын. Кодекстегі өзгерістердің бірі отбасының цифрлық картасы. Отбасының цифрлық картасы де¬ге¬ні¬міз – еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры. Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылып жатыр. Оны енгізудегі мақсат – халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Отбасылық цифрлық картаны мем¬ле¬кет¬тік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленді. Яғни мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алады. Сондай-ақ азаматтар ақпаратты SMS-хабарлама арқылы ала алады, — деді Орталық дирекоры.
Айта кетейік, карта отбасылар немесе отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесіне және әл-ауқат дәрежесіне қарап, мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электронды жаршы қызметін атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау проактивті форматта жүргізіледі. Ол дегеніміз – азаматтарға әлеуметтік төлем мен көмек ақпараттық жүйелердегі дерек¬тер негізінде тағайындалады деген сөз. Қолданыстағы қағаз құжаттар кезең-кезеңімен жүйеден шығарылады.
Бүгінгі таңға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен ауыл округ әкімшіліктерімен бірлесіп отбасылармен жұмыс жүргізіп, олар нақты осы санатқа жататынын немесе жатпайтынын анықтау жұмыстары жүргізілуде.