Отырар ауданындағы Қарғалы ауылында баспанаға мұқтаж отбасы ауыл жастарының қолдауымен баспаналы болды. Жаңа баспанаға ие болған ауыл тұрғыны Кенжекүл Мұсабай сауапты іске ұйытқы болған барша жандарға алғысын білдірді.
Бүгінде Қарғалы ауылында мұқтаж жандарға қайырымдылықпен көмек беріп жүрген азаматтар көп. Ауыл тұрғындары жергілікті мұқтаж отбасыларды қолдауды, жылу жинап баспанамен қамтуды әдетте айналдырған.