Түркістан облысының Түлкібас аудандық сотына, «Сот кабинеті» порталы арқылы қарыз ақша өндіру туралы талап қою жолдаған азамат, «Талап қоюдағы сәйкессіздіктерді алдын-ала түсіндіру» пилоттық жобасы аясында татуластырушы-судьяның ұсынысымен талап арызда жіберілген кемшіліктерді сәйкестендіру мақсатында кәсіби медиаторға жүгініп, нәтижесінде дау сотқа дейін аяқталды.
Медиатормен кездесу барысында, талап қоюшы жауапкерге 128 000 теңге қолхат арқылы қарызға бергенін, қазіргі таңда жауапкер қарызын қайтармай жүргенін айтып түсіндірді.
Қарыз ақша өндіру туралы дауларды шешуде жеткілікті тәжірибесі бар кәсіби медиатор А.Тулесовтің келіссөздерінің нәтижесінде тараптар арасындағы дау медиация келісімімен аяқталды.
Медиациялық келісім шарттары бойынша: Жауапкер үш ай ішінде әр айдың 25 күні 42 700 теңге төлеуге міндеттенген.
Ал, талап қоюшы «Сот кабинеті» порталы арқылы жолдаған талап қоюын тіркемей кері қайтаруды сұрады.
Осылайша, татуластырушы-судьямен талап қоюдың кемшіліктерін алдын-ала түсіндіру бойынша жобаны тиімді жүзеге асырудың нәтижесінде дау талап қоюды қабылдау кезінде қағазбастылыққа салынбай аяқталды.