Полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі тәркіледі

38

Бәйдібек ауданының полиция қызметкерлері есірткі затының заңсыз айналымына қатысы бар күдіктіні анықтады. Ауыл көшелерінің бірінен полицейлер өтіп бара жатқан күмәнді тұрғынды тоқтатты. Тексеру кезінде 29 жастағы ер адамның қалтасынан есірткіге ұқсас заты бар полиэтилен пакетті тапты.

Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес 6 грамнан астам «марихуана» болып шықты.
Қазіргі таңда есірткі затын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр