Шеберханадан алтын сырға ұрлап кеткен…

28

Арыс аудандық полиция бөліміне зергерлік бұйым шеберханасының бірінен алтын сырғаның ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жылдам жеткен жедел-тергеу тобы күдіктіні анықтауға әрекет етті. Тәртіп сақшылары қылмыс орнында ұры қалдырған іздерді мұқият тексеріп, бейнебақылау камерасы арқылы ұрлық жасаған әйел адамды анықтады.

Белгілі болғандай, 25 жастағы әйел өзінің алтын бұйымдарын өткізетіндігін және оның ақшасын қолма қол беруін сұраған. Шеберхана иесі ақшаны шешіп келемін дегенше зергерлік бұйымдар тұратын жерден құны 160.000 теңге болатын сырғаны жымқырып кеткен. Осыдан соң, жымқырып кеткен алтынды ломбардтардың біріне өткізіп, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.
Бүгінде ұрланған алтын сырға тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда әйел адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.