Шетелдік азамат телефон қаптағышына есірткі жасырып, шекарадан алып өтпек болған

420

Ұялы телефонның қаптағышына гашиш есірткісін жасырып, шекарадан өтпекші болған ер адам ұсталды.

Келес аудандық полиция бөліміне шекара бақылау қызметінен Өзбекстан Республикасының азаматы есірткі алып өтуі мүмкін екендігі туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер күдік тудырған шетелдік азаматты анықтады. Оны тексеру барысында ұялы телефонының қаптағышынан есірткі заты табылған.

Шетелдік азамат Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өз көлігімен өтпекші болған.
Алынған затқа сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша «гашиш» есірткісі болып шықты.
Полиция мәліметінше, күдікті ер адам қамауда. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 286-бабы 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.