Шымкент әуежайынан 14 жаңа рейс ашылды

25
Фото: facebook.com/caakaz

Шымкент әуежайынан 14 жаңа рейс ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар басқармасының өткізген брифингінде айтылды. Белгілі болғандай жаңа әуе терминалында туристік әуежай дүңгіршегін орналастыру да жоспарда бар.

Азамат Нұрымбетов, Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы м.у.а: «Солтүстік Қазақстан бағыты бойынша – Қостанай, Павлодар. Батыс Қазақстан бағыты бойынша – Атырау, Ақтөбе, Ақтау. Шығыс Қазақстан бағыты бойынша – Өскемен , Семей. Орталық Қазақстан бағыты бойынша – Жезқазған, Қарағанды сияқты қалаларға рейстер бар»

Айта кетейік, қазір Шымкент қаласынан Джидда, Медина, Дубай, Пхукет бағыттары бойынша чартерлік рейстер де қатынап жатыр.