Шымкент зообағы түйетұқымдас ерекше жануармен толықты. Хайуанаттар бағына Чехия елінен Альпака жануарлары жеткізілді. Айта кетейік, Альпака Шымкент зообағында бұрын соңды болмаған.
Гүлнұр Төленова, зообақ қызметкері: «Әзірге адаптация жүріп жатыр. Өзіне берілетін жеке азығы бар, соны беріп жатырмыз. Жәймен өзіміздің тағамдарымызға да үйретіп жатырмыз. Жағдайы жақсы, ветеринарлар, зоотехниктер, биологтар күнделікті қадағалап, бақылап отырады»
Бұл сүйкімді Альпакалар небәрі 1 жаста. Негізінен Альпакалар Оңтүстік Американың таулы аймақтарын мекендейтін үй жануары. Бұл түйетұқымдастардың жүні өте бағалы. Қой жүнінен 6-7 есе жылы болады екен.
Ақ және қара түсті Альпакалар аналық, ал қоңыры аталық Альпака. Сүйкімді жануарларға зообақ қызметкерлері әлі ат қоймаған екен. Ал, сіз ерекше жануарларды қалай атар едіңіз?