Шымкентте 2023 жылдың үздік спортшылары марапатталды. Облыстық ескек есу және желкенді спорт қауымдастығы аймақтағы су спортының дамуына үлес қосқан жаттықтырушылар мен спортшыларды 7 номинация бойынша марапаттады.
19-шы жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша түркістандық байдарка мен каноэде ескекшілері екі күміс медальды қанжығаға байлады. Ал, қоржындағы бір қоланы параканоэшілер иемденді. Сондай ақ, биыл Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының алғашқы лицензиясы алынды. Оны жылдың үздік спортшысы атанған Бибарыс Спатай алды. Ал, үздік жаттықтырушы Геннадий Иванов болды. Марапатқа ие болғандар қатарында Владимир Чеврычкин де бар. Ол «Жыл серпілісі» номинациясының жеңімпазы атанды.
Бибарыс Спатай, Азия параойындарының екі дүркін күміс жүлдегері:
«Жаттығуларым ойдан шығып жатыр. Маған үміт артып, бар жағдайымды жасап жатыр. Өзбекстан мен Туркияда сбор да жасап берді».
Денис Жарменов, Түркістан облысы ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының төрағасы: «Жеңіп алған бұл олимпиадалық жолдама соңғы нәтижеміз емес деп сенемін. Жоспарымыз бойынша әлі де жолдамалар саны артып, олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіміз керек. Ол үшін спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың алдына үлкен тапсырма қойып отырмыз. Біз де қолдау көрсетуге аянып қалмаймыз».