Шымкентте мереке күндері 162 әкімшілік хаттама толтырылып, 58 ЖКО тіркелді. Ал, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 612 полиция қызметкері жұмылдырылды. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Дегенмен, ұрлық фактісі тіркелген.
Қаладағы дүкендердің бірінде сатушының сөреде қалған телефонын екі ер адам ұрлап кеткен. Видеодан көріп тұрғанымыздай, азаматтар ұялы телефон қарап жүргендей кейіп танытып, бірі оны қалтасына салады. Бейнебақылау камераларының көмегімен тәртіп сақшылары бірнеше минут ішінде күдіктіні ұстаған. Қазіргі уақытта полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша істі тергеп жатыр. Келтірілген залал сомасы 450 мың теңгені құрап отыр.
Бағлан Исатаева, Шымкент қаласы ПД баспасөз хатшысы :
«Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында түнгі клубтар мен мейрамханаларда рейдтік іс-шаралар жүргізілген. Бұған қоса қала аумағында 58 жөл көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан зардап шеккендер мен дене жарақаттарын алғандар жоқ».