Шымкентте скринингтік тексеруден 796 169 адам өтті

23

 

2023 жылдың 11 айында Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында жалпы скринингтік тексерулерден 796169 адам өтті.

2023 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша скринингтік зерттеулердің орындалуы бойынша ересектер арасында:

Қанайналым жүйесінің аурулары бойынша 98,3 %-ға орындалды;
Қант диабеті бойынша 100 %-ға орындалды;
Глаукома бойынша 100 %-ға орындалды;
Жатыр мойны обыры бойынша 97,3 %-ға орындалды;
Сүт безі обыры бойынша 96 %-ға орындалды;
Тоқ ішек бойынша 98 %-ға орындалды.

Жалпы өлім көрсеткіші – 11%-ға төмендеген.

Сонымен қатар МСАК ұйымдары арасында қосымша жаппай иммундау бойынша 52328 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, амбулаториялық деңгейде науқастарға 4 940 618 консультациялық-диагностикалық қызмет алды. Бұл ретте қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ, ПЭТ) 53 291 адам қамтылды.

Қазірде Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 53 медициналық ұйым қызмет атқарады, оның ішінде 14 мемлекеттік емхана және 39 жеке меншік медициналық ұйым.