Шымкентте жол үстіндегі трюктері үшін экстремал сымақ жауапқа тартылды

38

 

Заң бұзушылықты полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады. Ірі сауда орталығының алдындағы автожолда орын алған «қойылымды» жас скутер жүргізушісі ұйымдастырған болып шықты. Мотокөлікті бір доңғалағын көтеріп, жылдамдықпен кері бұрылып басқарған жігіт бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялаған.

Бұл ессіз әрекеті оны тек әкімшілік жазаға әкелді.

Сақшылар кұқық бұзушыны анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабының 3-бөлігімен хаттама түзеді. Ер азаматтың жол қозғалысы ережелерін бірінші рет бұзбағаны және бір жылдан аз уақыт бұрын ұқсас жайт үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері жол жүру қағидаларын елемеудің салдары қайғылы болуы мүмкін екенін ескертеді, сондай-ақ екі доңғалақты көлік жүргізушілерін жылдамдықты асырмауға және заң бузушылықтарға жол бермеуге шақырады.