Тараптар арасындағы ортақ үйді бөлу ісі медиация тәртібімен реттелді

23
фото assembly.kz

Келес аудандық сотында талап қоюшы Б.З сотқа келтірген талап қоюында, жауапкер Б.Г-дан ортақ мүлікті бөлуді сұраған. Тараптардан дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту бойынша жазбаша арыздары түскен.

Тараптардың арасындағы татуласу келісіміне сәйкес, жауапкер кадастрлық нөмірі 19-296-168-657 жер телімінде орналасқан жылжымайтын мүлік пен жер телімі және кадастрлық нөмірі 19-326-058-006 жылжымайтын мүлік пен жер телімі Б.З-ның үлесіне беруге; ал кадастрлық нөмірі 19-326-001-129, 19-326-001-129-1 жер телімдерімен, сондай ақ квартал 046, уч.208 кадастрлық нөмірі 19-326-046-208, алаңы 6,6 га жер телімі Б.З-ның үлесіне беруге келісімге келді.
Өз кезегінде талап қоюшы жауапкер алған міндеттемемен келісіп, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді және азаматтық істі тоқтатуды сұраған.
Істің татуласу келісіммен аяқталу артықшылығы, тараптар бір-біріне деген сыйластықта қалып, әрі уақыттарын үнемдеп, сотқа жүгінген кездегі мемлекетке төленген баж салығы өзіне қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.